«ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ»
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейі мұғалімдері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға белсенді қатысуда.
Жуырда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры «Жаңғырудың жаңа жолы» жиын өткізіп, оған лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Н. Есбосын шақырылды.
Тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, қаладағы алдыңғы қатарлы мектептердің мұғалімдері қатысқан дөңгелек үстелде әріптесіміз Елбасы мақаласы төңірегінде өз ой-пікірін ортаға салды.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ұстаз-ғалымдары, филология ғылымының докторы Ж.Садуақасұлы, филология ғылымының кандидаты А.Абасилов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С. Ә.Аңсатов, «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор Б.Қожамберлиев, ардагер-ұстаз Д.Т.Торғаева, жазушы С.Жұбатырұлы секілді Сыр еліне танымал тұлғалармен бірге лицейіміздің мұғалімі Елбасы мақаласындағы жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға, бастамаларды қолдауға байланысты ұсыныстары мен мектепте атқарылуға тиісті жұмыстар бойынша сәтті таныстырылым жасады.
Аталмыш мақала төңірегіңде «Kahoot» бағдарламасына енгізген сұрақтары бойынша жүргізілген жұмысы дөңгелек үстелге қатысушылардың қызығушылығы мен ынта-ықыластарын тудырып, отырысқа тың серпін берді. Сондай-ақ, әріптесіміз облыстық телеарна тілшілеріне сұхбат берді.