ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ: «МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МАҚАЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ДЕП АТАУҒА БОЛАДЫ»
28 сәуір күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Достық үйінде «Тәуелсіз Қазақстан этносаясатының қалыптасуы» тақырыбында дәріс оқып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі мән-мағынасын егжей-тегжей түсіндіріп берді.
- Мақалада көтерілген әрбір мәселе әр қазақтың, әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапқан кемел ойдан туған кемеңгер шешім екені даусыз. Бұл – қарапайым мақала емес, халықты рухани байыту мақсатында жасалған маңызды қадам. Халқымыздың сан ғасырлық тарихы бар ұлттық құндылықтарын бүгінгі заман талабымен үндестіре отырып жаңғыртуды көздейтін мемлекеттік деңгейдегі бағдарлама деп айтуымызға әбден болады,-деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.
Аймақ басшысының айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дербес мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақстан өз экономикасын құрып, дамыған елдердің қатарынан көрінуге барынша көңіл бөлді.
- Ендігі кезекте бізге рухани-мәдени салада жаңғыру қажет. Жаһандану заманында әрбір ұлттың өзін өзі тануға, өз келбетін нақтылауға ұмтылуы – заңдылық. Сондықтан, Елбасы мақаласында назарымызды ұлттық кодқа аудартты: «Біріншіден – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншіден – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек»,- деп қорытындылады сөзін облыс әкімі.