АУЫЛЫНА ҚАРАП АЗАМАТЫН ТАНЫ
«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті «Нұр Отан» партиясы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Ауыл ажары - азаматына сын» экспедициясына қатысушылар «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында брифинг өткізді.
Экспедицияның мақсаты Елбасымыздың «Қазақстан – 2050: мәңгілік ел» стратегиялық жолдауындағы ауылды жаңғыртуға бағытталған келелі міндеттері мен бағыттарын тиімді жүзеге асыруға ат салысу, ауыл тұрғындары мен азаматтарының белсенділігін көтеріп, рухани демеу көрсету болып табылады.
Айталық, републикамызда 7232 ауылдың 3750-і аяғына нық тұрған, 2500-і орташа жағдайдағы, 1000-ы болашағы жоқ шағын ауылдар қатарында. Осы ауылдарды көркейтуге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылына жанашырлық танытқан азаматтар марапатталмақ.
Аталған газет «Ең ажарлы ауыл», «Ең үлгілі мектеп», «Ең үлгілі отбасы», «Ең үлгілі кәсіпкер», «Ең белсенді кәсіпкер» номинациялары бойынша байқау жариялайды. Басты шарты байқауға қатысушылар «Қазақстан Zaman» газетіне түгел жазылулары тиіс, - деді Сәуле Мешітбайқызы.
Жиын соңында ұсыныс-пікірлер қабылданып, тілшілердің сұрақтарына жауап берілді.
Фариза ОМАРОВА