АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА БАҒДАРЖОЛ ӘЗІРЛЕДІ
Арал аудандық прокуратурасы «Отбасы құндылығы: Отан отбасынан басталады, бақыт жолы білімнен табылады» тақырыбында №262 мектепте қаладағы барлық мектептердің 8-11 сынып оқушыларымен ашық дискуссия аясында кездесті.
Кездесуде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында аудандық прокуратура және аудан әкімдігі бірлесе әзірлеген бағдаржол оқушылар назарына ұсынылды.
Екі бағыттан тұратын бағдаржолдың біріншісі - пайымды үйірме ұйымдастыру. Ол үшін барлық мектептерде үйірме есебінде елімізде кеңінен таралған Жайдарман, Дебат сайыстарын өткізу.Бұл сайыс балаларды халық алдында ораторлық сөйлеу қабілеттерін арттырып, ой-өрістерін кеңейтіп, бір-бірімен қарым қатынастарын нығайтуға үлес қосады.
Екінші – спортты дамыту. Прокуратура сабақтан тыс уақытта және жазғы демалыс уақытында балаларды мектептің спорт залымен қамтамасыз ету бастамасы қолдау тапты.
Жиында аудан прокуроры Б.Тоқмырза отбасы адам баласы үшін ең қымбат қазына екендігін, ата-ананы әрдайым құрметтеп, ұлықтап, қастерлеу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, жиынға жастар белсенді қатысып, өздерінің ой-пікірлерін білдірді.