ПРОКУРОРЛАР ВЕЛОЖАРЫСҚА ШЫҚТЫ
Бүгін облыстық прокуратура қызметкерлері веложарысқа шықты. Облыс прокуроры Х. Дәуешов бастап шыққан жарыс Қазақстан халқы бірлігі күніне арналып отыр.
Саламатты өмір салтын насихаттау, сала қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттыруды көздеген сайысқа облыстық аппарат қызметкерлерінен бөлек Қызылорда қаласы мен табиғат қорғау прокуратурасы өкілдері қатысты.
Облыс прокуроры Х. Дәуешов осы спорттық шара арқылы этникааралық бірлікті нығайтып, еліміздің басты құндылығы бірлік пен келісім керегесінің кең жайылуына үлес қосуды көздегендерін атап өтті.
Алда веложарысты тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.
