ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ
Қала әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналғандарды кадрлық өзгерістерден хабардар етті.
Осыған дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Бердібаев Ерлан Құлахметұлы алдағы уақытта облыстық мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасына қызмет ауыстырды.
Қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы Ерлан Құлахметұлының шаһардың коммуналдық мәселелерін ретке келтіруде аянбай еңбек еткенін атап өтіп, оны Қызылорда қаласының «Құрмет» грамотасымен марапаттады.
* * *
Сонымен қатар, қала әкімінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №424 өкімімен қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Құлмағанбетов Талғат Бекмырзаұлы тағайындалды.
Талғат Бекмырзаұлы 1977 жылы 8 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тасымалдауды және жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Көркейту» МКК инженер ретінде бастап, сол мекемеде бөлім басшысы, бас инженер қызметтерін атқарды.
2010-2012 жылдары «Қызылорда қызмет сервис» ЖШС директоры;
2012-2013 жылдары «Тұрғын үй қызметі» МКК директордың орынбасары;
2013-2014 жылдары «Қызылорда тазалығы» ЖШС бас инженер;
2014 жылдан осы кезге дейін «Қызылорда тазалығы» ЖШС директоры қызметін абыроймен атқарып келді.
* * *
Қала әкімінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №423 өкімімен Ержанов Жақсылық Фазылбекұлы қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Ол осыған дейін қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және аймақтық даму бөлімінің басшысы, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып, тәжірибе жинақтаған маман.
1981 жылы 8 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2002 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетін «Заңгер», 2010 жылы Қазақ-Қытай институтын «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университеті, Қызылорда филиалында оқытушы болып бастаған;
2004-2005 жылдары ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бас маманы;
2005-2007 жылдары «ПФД Интернешнл» ЖШС материалдық бақылаушы;
2007-2008 жылдары «Заир Сервис» ЖШС заңгер;
2008-2010 жылдары «Азия Сахар» АҚ заңгер;
2011-2012 жылдары қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
2012-2015 жылдары Қызылжарма ауылдық округінің әкімі;
2015-2017 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы;
Осы кезге дейін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
* * *
2017 жылдың 25 сәуірінен бастап «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС директоры болып Есжанов Ерлан Жантүгелұлы тағайындалды.
Ерлан Жантүгелұлы 1979 жылы 22 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімді. 2000 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
2000-2004 жылдары Жалағаш ауданының статистика бөлімінің маманы, басшысы қызметтерін атқарған.
2007-2011 жылдары «Роскор-Технология» ЖШС директоры;
2011-2016 жылдары «Ск-Нефтемаш» ЖШС директоры;
2016 жылдан осы кезге дейін «Нұр-ТехноСервис» директоры қызметін атқарып келді.
* * *
2017 жылдың 25 сәуірінен бастап «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шетеулі серіктестігін Өтепов Нұрлан Кеңесұлы басқарады.
Нұрлан Кеңесұлы 1967 жылы 4 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1992 жылы Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы «Қызылорда қалалық су жүйесі» МКК учаске бастығы ретінде бастап, Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылық саласында 20 жылға жуық еңбек етті.
* * *
ҚАЛА БАСШЫСЫ АҚЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА АУЫЛ ӘКІМІН ТАНЫСТЫРДЫ
Ақжарма ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған А.Әділбековтің басқа қызметке ауысуына байланысты ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылар (қалалық мәслихат депутаттары) отырысы отырысы өткізілді.
Өткізілген сайлау қорытындысымен басым дауысқа ие болған Әлиев Жұмабек Төлешұлының кандидатурасы қолдау тауып, Ақжарма ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Әлиев Жұмабек 1958 жылдың 1 қарашасында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
1981 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педогогика институтын «Физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982-1983 жылдары №11 орта мектепте комитет хатшысы;
1984-1988 жылдары Сырдария аудандық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
1988-1992 жылдары Сырдария аудандық білім бөлімінің методисі;
1992-1997 жылдары Сырдария ауданы, №174 орта мектеп директоры;
1998 жылы аудан әкімінің орынбасары;
1998-1999 жылдары облыс әкімі аппаратының консультанты;
1999-2006 жылдары Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының директоры;
2007-2008 жылдары қалалық білім бөлімінің басшысы;
2008-2013 жылдары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
2013 жылдан осы кезге дейін Тасбөгет кентінің әкімі қызметін атқарып келді.
* * *
ТАСБӨГЕТ КЕНТІНДЕ ЖАҢА ӘКІМ
Кент әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылар (қалалық мәслихат депутаттары) отырысы қорытындысында басым дауысқа ие болған Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлының кандидатурасы қолдау тауып, ол Тасбөгет кенті әкімі лауазымына сайланды.
Пакуатдин Шамұратов 1983 жылдың 26 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері», 2016 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Құрылыс» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2006-2008 жылдары «Қазалы - Құрылыс» ЖШС геодезист ретінде бастап, директордың міндетін атқарушы;
2008 – 2010 жылдары Қызылорда облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасының бас маманы;
2010 – 2012 жылдары қалалық жер қатынастары бөлімінде, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы;
2012 жылдан бері осы кезге дейін қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.