АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ АНЫҚТАЛҒАН
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Мемлекеттік мекемелер көрсететін мемлекеттік қызметтердің құқықтық негіздері» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға қалалық тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Қызылорда облысы бойынша зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың және ХҚКО РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты. Мемлекеттік қызмет алушылардың өтініштері бойынша 2014 жылдың 6 айға жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланды. Мониторингтің қорытындыларын талдау барысында іс жүзінде мемлекеттік қызметті алу кезінде азаматтардың құқықтарының бұзылу жағдайлары кездесетіні анықталды.
Осы орайда жылдың басынан «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша ХҚКО-на 359 қызмет алушылар өтініш жазған, оның ішінде 88 қайтарылған.
ЗТМО басшысының орынбасары Денеева Гүлсім Жұмағалақызы және ХҚКО РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары Нұрманова Айнаш Болатбекқызы аталған мәселені талқылап, өзара тығыз қызметтестіктің қажет екені және сұратулар мен өтініштерге уақтылы жауап қайтару керек деген бір тұжырымға келді.
Шара соңында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері және қонақтар ақпараттармен және пікірлерімен алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.