ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КӨМЕККЕ КЕЛДІ
ҚР Ұлттық ұлан сарбаздары Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су апаты зардабын жою жұмыстарына көмек беруде.
ҚР Ұлттық Ұлан баспасөз қызметі хабарлағандай, соңғы тәуліктерде «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 52859 әскери бөлімінің 100 сарбазы мен 9 арнайы техникасы Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Оразақ ауылындағы апат зардабын жою жұмыстарына қатысуда.
- Бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында ауыл маңындағы дамбаны су жырып кетті. Осы аумақта қазір жеке құрам мен инженерлік техникалар көмегімен судың алдын бөгеу жұмыстары жүргізілуде. Баспанааларды су басу қаупінің беті қайтты, - 52859 бөлім командирі, майор Руслан Жакулин.