ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНЫНА – 20 ЖЫЛ
ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен әскери полиция органының құрылуының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шарада сөз сөйлей отырып, әскери ведомство басшысы қызметтің негізгі бағыттары құқық қорғау және әскери құрамдас болып табылатынын атап өтті. Алғашқы әскери полиция бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін жетілдіру, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресу тиімділігін арттыру, Қарулы Күштерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Бүгінгі таңда әскери полиция соңғы үлгідегі техникамен жарақталған, жауынгерлік тапсырмалары бар өзіндік жеткілікті бөлімше болып табылады. Қазіргі уақытта әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін әскери полицияның қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Бұл құқық бұзушылықты алдын алу, әскери техникаға ілесіп жүру, гарнизондардағы патрульдеу жұмыстары, оқу-жаттығу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың жолын кесу және ашу, әскери қызметшілерді іздестіру. Бүгінгі күні Қарулы Күштерде құқық бұзушылықтың саны жыл сайын төмендеуде, қалыпты үрдіс байқалады, әскери полиция әскери қызметшілерінің кәсіби деңгейі артты. Әскери полицияның тиімді қызметінің анағұрлым айқын көрсеткіші ретінде тұрақты оң серпін және қызметтің сапалы жаңа деңгейге көтерілуі болып табылады. Айрықша көзге түскен әскери қызметшілерге ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов құрмет грамоталарын табыстады.