ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ ҮШІН СУҒА КЕЗЕКТІ ЖАУЫНГЕРЛІК КОРАБЛЬ ТҮСІРІЛДІ
Оралда «Маңғыстау» кезекті зымыран-артиллериялық кораблін суға түсіру салтанатты рәсімі өтті. Бұл ҚР ҚК ӘТК үшін салынған төртінші жауынгерлік корабль.
«Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблі теңіз жағынан мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймақтарында жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін арналған. Алдыңғыларына қарағанда «Маңғыстау» кораблінде қару-жарақ жаңартылып, суасты диверсиялық қауіп-қатерлерді, жауынгерлік жүзушілерді және олармен күресуді қоса есептегенде анықтау үшін құралдар орнатылған. Оның құрылысы кезінде корабльдің маневрлік сипаттамаларын, жауынгерлік мүмкіндіктерін, экипаждың тұру жағдайын жақсарту бойынша осы корабльдерде қызмет өткеріп жүрген әскери теңізшілердің ұсыныстары ескерілді. Корабль командирі капитан-лейтенант Р.Яхьяров Санкт-Петербор қ. Ұлы Петр атындағы Әскери-теңіз институтының түлегі болып табылады. Ол оқу процесінде корабльдің салыну қағидаттары мен базалық мамандықтар бойынша пайдалану негіздерін меңгеріп алды. Бұдан бұрын ол дәл осындай корабльде қызмет еткен. Жүзудің әртүрлі жағдайларында корабльді басқаруда қажетті дағдысы бар. Сондай-ақ оның жетекшілік етуімен корабль экипажы корабльдің құрылысы мен қару-жарағын зерделеп алғанын атап өту қажет. Экипаж құрамында зымыран-артиллериялық кораблі байланыс жауынгерлік бөлімінің технигі лауазымында аға матрос Дарья Кириченко әскери қызмет өткеріп жүргенін айта кеткен жөн. Ол ҚР ҚК ӘТК әскери-теңіз базасының оқу-жаттығу орталығында кіші корабльді мамандарды дайындау курсынан өтті. Салтанатты шараға Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Жанжүменов, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Ж.Жанзақов, Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Кульгинов қатысты. Суға түсірілгеннен кейін корабль Орал өзен арқылы Каспий теңізіне жеткізілетін болады. Зауыттық арқандап байлау, жүріс және қабылдау сынамаларынан өткеннен кейін оған Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің корабльдері құрамында қызмет етуге тура келеді.