ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУШЫЛАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМДЕРІ ӨТУДЕ
Қазақстандық армияның 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде барлық жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуда, деп хабарлайды, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Павлодар облысынан әскерге шақырушылар жаңа қызмет орнына С-295 әскери-көлік ұшағы арқылы жеткізілді. Солтүстік-шығыстан бағыт алып, бүкіл елді ұшып өтіп, С-295 экипажының командирі майор Равиль Құрбанғалиев шақырылушыларды Ақтөбе қаласына жеткізіп салды. Онда оларды 30238 әскери бөлімінің қолбасшылығы салтанатты жағдайда күтіп алды.
–Мен үшін қазақстандық армияның 25 жылдығы қарсаңында мерзімді әскери қызметке шақырылу жоғары мәртебе. Еліміздің стратегиялық маңызды шептерін қорғау үшін шалғайда орналасқан батыс өңіріне кетіп барамын, - деді шақырылушы Қанат Баяхмет.
Шақырылушыларды шығарып салуға арналған салтанатты шаралар республикамыздың барлық өңірлерінде өткізілуде.