АРАЛ ТЕҢІЗІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА ТАЛҚЫЛАНАТЫН БОЛАДЫ
Үргеніште 28-29 қазан күндері «Арал теңізі аймағындағы экологиялық апат салдарын жеңілдету бойынша ынтымақтастықты дамыту» халықаралық конференциясы өтеді. Конференцияға қазақстандық делегацияны ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев бастап барады.
Конференция мақсаты - Арал теңізі мәселесіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудартып, аймақтық табиғатты сақтау жұмыстарына, әлеуметтік-экономикалық және су шаруашылығы жобаларына тың серпін беру.
Жиынға «Аралды құтқару» Халықаралық қорына мүше мемлекеттер өкілдері, БҰҰ агенттіктері, тағы басқа да бірқатар Халықаралық банк пен ұйымдар қатысады деп жоспарланып отыр.
Бүгінде теңіз орнында аумағы 5,5 млн. гектар болатын құм мен тұз араласқан шөл пайда болған. Жыл сайын құрғап жатқан теңізден ауаға 75 млн. тоннадан астам шаң мен улы, тұзды тозаң көтеріледі. Судың ластануы, тұз бен шаңның ауаға араласуы адамдар арасында түрлі ауруды қоздырып отыр. Аймақта өсімдік және жануарлар әлемінің: нақтырақ айтқанда, балықтың 11 түрі, сүтқоректілердің 12, құстардың 26, өсімдіктердің 11 түрі жойылып кетті.
Мамандардың есептеуінше, соңғы 50 жылда Аралға құятын өзендердің суы шамамен 4,5 есе азайған. Су деңгейінің аумағы 8 есе, су массасының көлемі 13 есеге кеміп, аймақтың тұздану деңгейі 13-25 есе көбейген.