NASA: АДАМЗАТТЫ ҮЛКЕН ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП ТҰР
Бірақ осы ұйым басшысының ғылым жөніндегі кеңесшісі Томас Зурбучен зерттеуді жалғастыра түсу керектігін айтып отыр. "Әзірше біз нақты нәтижеге қол жеткізе қойған жоқпыз, бірақ ізденіс тоқтап қалмайды. Әлі де зерттей береміз", - дейді ол.
Ол өз сөзінде ізденісті жалғастыруға негіз болатын жағдайларды да атап өтті. Мысалы, Марсты зерттейтін америкалық Curiosity құрылғысы бұрын мұнда химиялық орта қалыптасқанын дәлелдейтін айғақтар тапқан. Бұл бір кездері Қызыл планетада тіршілік иелері өмір сүрген деп болжам жасауға итермелейді.
НАСА-ның жобалары жайлы айтқан маман адамзатты алда үлкен жаңалық күтіп тұрғанына сенімді. Сондықтан да НАСА қызметі туралы АҚШ-та жуырда қабылданған заңда жерден тыс өмір сүретін тіршілік иелерін іздеу ұйымның басым бағыты болып белгіленіп отыр.
Фото: © EPA/JIM LO SCALZO