27 СӘУІРДЕ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
27 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауып, тек батыс және шығыс бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерінде - найзағай.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, найзағай, бұршақ
Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с болады. Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар, Қарағанды, Ақмола облысының кей жерлерінде - найзағай болады.
Қарағанды облысының оңтүстік- шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.