ШАЛҒАЙ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету» департаменті директоры Аида Абибуллаева халыққа "Электронды үкімет" порталы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында облысымыздың шалғай орналасқан елді-мекендерінде болып, халықпен кездесті.
Сапар барысында департамент директоры Жаңақорған ауданы әкімі Ғ.Әміреевпен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Еңбек аулдық округінде жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық-құқықтық қызмет көрсету бағытындағы келелі мәселелерге тоқтады. Оларға жоғарыда көрсетілген тиімділіктер айтылып, барлық құжаттарды сапалы әрі жылдам алуға болатыны түсіндірілді. Жиналған ауыл халқының пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар, департамент директоры бастаған қызметкерлер тұрғындармен кездесу барысында АХАТ бойынша жаңа туылған баланы тіркеу, әлеуметтік көмек, мемлекеттік жаңа қызметтер бойынша ақпарат беріліп, және меншік құқығын тіркеу, есепке тұрғызу, есептен шығару мәселелері бойынша құжаттарын тексеріп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халық тарапынан түскен сұрақтарға толығымен жауап беріліп, жиналғандар департамент басшысына деген жылы лебіздерін білдірді.
Кезекті кездесу Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында жалғасты. Онда департамент директоры «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің жұмысымен танысты. Ондағы е-қызметтер (бұдан әрі СПББ) электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің пилоттық жобасы жетістіктерін оң бағалады. Қазіргі таңда Қазпошта бөлімшесі 26 түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде. 2014 жылдың сәуір айында іске қосылған жоба аясында бүгінгі күнге дейін шалғай ауыл тұрғындарына 2678 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 6 сәуірінен бастап Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы мен Арал ауданы, Сексеуіл кенті, Жақсықылыш ауылдық округінде "Қазпошта" АҚ селолық пошта байланысы бөлімшелері іске қосылды.
Айта кету керек, қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 724 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде.