FIGHT NIGHTS GLOBAL АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗБЕКШІ
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында FIGHT NIGHTS GLOBAL өз арихында Астанада алғаш рет аралас жекпе-жек бойынша жарыс өткізетіндігі хабарланды. 19 мамырда өтетін сайыста бірден 3 чемпион белдігі ойнатылады.
Кештің ең маңызды оқиғасы - Жалғас Жұмағұлов пен Краснодар күрескері Вартан Асатрян арасындағы ең аз салмақ категориясындағы (57.2 кг) жекпе-жек болмақ. Жалғасқа осы жекпе-жекке қол жеткізу үшін самбо күресі бойынша Ресей чемпионы Артур Багаутиновпен шайқасуға тура келді. Бұл шайқаста мамандар бұрын жеңіліп көрмеген дағыстандық спортшыға фаворит ретінде қараған, бірақ «Жако» қаһарлы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жұртты таң қалдырды. Алдағы қарсыласы Вартан Асатрян да осал емес. Ол FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымының дебютында тәжірибелі күрескер және грепплинг шебері Микаэль Силандердан асып түсті. «Жауынгер» шайқасында Әзірбайжан өкілі Эльнар Ибрагимовтан үстем болып, жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңді. Жеңіс Асатрянға чемпиондар жекпе-жегінің қатысушысы болуға жағдай туғызса, ал Жалғас үшін төрт жыл бұрыңғы жеңілісі үшін Вартаннан кек қайтаруға мүмкіндік туып отыр.
–Сонымен қатар, кештің маңызды жекпе-жектерінің бірінде орта салмақтағы (77.1 кг) чемпион атағы үшін таласта Қазақстан жалауын көтерген Георгий Кичигин мен Ресей спортшысы Гаджимурад Хирамагомедов бетпе-бет кездеседі. Георгий Кичигиннің өткен жылдың соңында-ақ FIGHT NIGHTS GLOBAL чемпионы атануға мүмкіндігі бар еді, бірақ оның қарсыласы Магомед Нуров осы салмақ категориясының шеңберіне кіре алмағандықтан, жекпе-жек кейінге қалдырылды. 19 мамыр күні аралас жекпе-жек жанкүйерлері ұйымның алғаш чемпионының есімін естіп, сонымен қатар 83.9 кг салмақ категориясындағы жеңімпазды біледі. Дәреже үшін жекпе-жек Eagles клубының мүшесі Абусупиян Алиханов пен «Крепость» клубынан шыққан Халид Муртазалиев арасында болғалы жатыр. Ол да тартысты өтеріне сенімдімін» деді «FIGHT NIGHTS GLOBAL» компаниясының президенті Камил Гаджиев.