ЕЛБАСЫ ДИМАШҚА БАТА БЕРДІ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясын Димаш Құдайбергенді құттықтау сөзінен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сессиямыздың басында Димаш Құдайбергенді қабылдап, бастап келе жатқан жолына бата береміз. Батаммен бірге осы жас орындаушыны қазақ халқының қатты жақсы көріп қалғанын айтқым келеді", - деді Президент сессияның ашылуында. "Ол денсаулығы мен дарынын сақтап, қазақтың қонақжайлылығына берілмесін, махаббаттан басы айналып кетпесін. Бізде солай болады ғой әдетте", - деп әзілдеді Назарбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, күн тәртібінде "Жаңғырудың негiзi - тұрақтылық, бiрлiк, келiсiм" . Шараға 1500-ге жуық адам қатысқан..