МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛІЕРІ ТАСБӨГЕТТІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мобильді топ өкілдері Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиын барысында мобильді топ мүшелері кент тұрғындарына бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру өзекті мәселе болып отырғанын және жемқорлықтың алдын алуда бүкіл қоғам болып ат салысу қажет екендігін айтты.
Кездесу соңында мобильді топ мүшелері мен тұрғындар арасында ортақ міндетке қатысты ұсыныстар мен пікірлер қызу талқыланды.
Бұған қоса, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, материалдар таратылды.