СӘРСЕНБІДЕ ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ ЖЕРЛЕРІНДЕ ЖАУЫН ЖАУАДЫ

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде болады.