ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ОРТАҚ МІНДЕТ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Үшінші жаңғырту - Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында, бесінші басымдық - институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ерекше атап өтті.
Елбасы діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу жайлы да тапсырды. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керектігін қадап айтты.
Осыған орай Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында «Біз терроризмге қарсымыз» тақырыбында кезекті ақпараттық-сабақ өткізілді. Іс- шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша қызметкері Бауыржан Раханов террористік актілер мен дабыл бойынша күдікті зат табылған жағдайда өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-әрекеттері туралы атап өтті. Әңгіме барысында ол төтенше жағдайлар мен террористік актілерді болдырмау жөнінде жалпы ұсынымдар берді.
Ақпараттық сабақта лаңкестікке қарсы ең басты қару – қырағылықты жоғалтпау екендігі де айтылды.
Қатысушылар терроризм мен экстремизмнің алдын алуда осындай бірлескен іс-шаралардың пайдасы мол екендігін атап өтті.