АЙМАҚТА ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Облыс көлемінде кең науқанды Еуропалық иммундау апталығы басталды. Жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарының бірі – вакцинаны кеңінен насихаттауды көздейтін бұл шара осы жылдың 24-30 сәуір аралығында өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова мәлімдеді.
Еуропалық иммундау апталығы елімізде қатарынан сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. ҚР Ұлттық егу кестесіне сәйкес 19 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егулер жүргізіліп келеді. Ол баланың дүниеге келген уақытынан бастап, ересектерді 56 жасқа дейін егу жұмыстары жүргізіледі.
-Иммундау шаралары арнайы егу бөлмесінде жыл сайын оқытылған және егуге рұқсаты бар аяжандар жұмыс жасайды. Жалпы облыс бойынша 225 емдеу сауықтыру мекемелерінің 183-де егу бөлмесі қызмет атқарады. Егу бөлмесі бұйрық талаптарына сай толық жабдықталған, тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген. Шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындарды профилактикалық екпелермен қамтуға 38 жылжымалы егу бригадасы дайындалған. Биыл бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 1 млн 600 мың, ал облыстық бюджеттен 98 млн теңге бөлініп отыр.
Айта кетейік, жоспарлы профилактикалық екпелермен қоса жоспардан тыс егулер де жүргізіледі. Соңғы рет жоспардан тыс егу жұмыстары 2015 жылы қызылшаға қарсы жүргізілген екен.
Фариза ОМАРОВА