ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ
Қызылорда облысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлайды.
Облыста бүгінде Ұлы Жеңіс мерекесін жақындатуға үлес қосқан 51 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедегі және 5903 тыл еңбеккері бар.
Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 415,3 млн теңге қаражат бөлінген, оның ішінде:
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – 181520 (80 АЕК) теңгеден, соғыс жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағының ордендері мен медальдарымен наградталған адамдарға 113450 (50 АЕК) теңгеден беріледі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен азаматтарға 68070 теңге (30 АЕК) мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Бүгінгі күнге әлеуметтік көмектерді төлеу жұмыстары басталды, сәуір айының соңына дейін ардагерлердің жеке шотына толығымен аударылады.