«ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТКЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» республикалық конкурсының І кезеңі өтті. Конкурс екі сатыдан тұрып, оған 5 қызметкер қатысты. Бірінші сатысында конкурсқа қатысушылар теориялық білімдерін көрсетіп, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша тест тапсырса, конкурстың тәжірибелік сатысы нысанға тексеру жүргізу, тексеру материалдарын дайындау сапасын анықтауға бағытталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Конкурсың І кезеңінің нәтижесімен Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Талғат Ертуғанов жеңімпаз болып танылып, алдағы уақытта Астана қаласында өтетін конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жолдама алды.