ЕЛІМІЗДІҢ 25 СӘУІРГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Бүгін сейсенбі 25 сәуір күні республикамыздың батысында, солтүстік-батысында және солтүстіктің кей жерлерінде жаңбыр сақталады, шығыста жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман болып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Казгидромет.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау облыстарында, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.
Астана қаласы ашық, жауын-шашынсыз.. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +5+7°С, күндіз +22+24°С болады. Алматы қаласы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С болады.