ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛАДЫ
Бүгіні Астана қаласында Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев «Microsoft Казахстан» ЖШС директоры Рональд Бинкофскимен кездеседі. Онда Қызылорда облысы әкімдігі мен Мicrosoft компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.
Ынтымақтастық туралы келісім Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалады (онлайн қызметтер мен «Сандық Қазақстан» бағдарламасын дамыту) және білім беру саласында инженерлік компьютерлік технологияларды пайдалануды мектеп оқушыларына, студенттерге онлайн режимде оқыту мәселелері қарастырылады (www.education.microsoft.com).
Сонымен қатар, Қызылорда облысының орта және жоғары оқу орындарының оқушылары арасында Microsoft компаниясының өнімдерін пайдалану бойынша кибер-олимпиадалар өткізіп, ғылыми-әдістемелік тәжірибелер жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында «Microsoft академиясының» кеңсесін ашу жоспарлануда.
Осылайша, екіжақты келісім Microsoft компаниясы сарапшыларының қолдауымен озық технологияларды меңгерген мамандарды дайындауға мүмкіндік бермек. Бұл өз кезегінде аймақтағы оқу орындарының бәсекелестігін арттыруға септігін тигізеді.