БІРЛІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БАСҚОСУ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінде 1мамыр–Бірлік күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ММ бөлім басшысы Е.Уәйіс, «Русская община» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы жетекшісі В.Толоконников, «Widergeburt» облыстық неміс этномәдени бірлестігінің басшысы И.Шек қатысты.
Дөңгелек үстелде кадр жұмысы бөлімінің бастығы М. Қобландиев ел дамуына бірлік пен береке негіз қалағанын айтып өтті. «Қоғамдық келісім» ММ бөлім басшысы Е. Уәйіс осы мақсатта атқарылып жатқан бастамалар мен Президент Жолдауының негізгі бағыттары туралы сөз етті. Дөңгелек үстелде этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері де сөз алып, өз тілектерін білдірді.