12 МЕТРЛІК ПАЛУБАДАН СЕКІРГЕН ТЕҢІЗШІ КИТТІ ҚҰТҚАРДЫ
Тунис жағалауына тұрақтаған Cheikh El Mokrani жүк кемесіндегі теңізші өз өмірін қатерге тіге отырып, ауға түскен китті құтқарып қалды. Видеодан оның теңіз «тұтқынын» еркіндікке жіберу үшін 12 метрлік палубадан секіргені анық көрінеді.
Биіктіктен сескенбестен секірген теңізші ауға шырмалған китке тез жетеді. Осы сәтте оған серігі де көмекке жетіп, екеулеп, китті босатып алды.
Олардың бұл әрекетін желі қолданушылар жоғары бағалады, деп жазады NZ Herald.