ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖАСАЛДЫ
Су айдындарында қауіпсіздік ережесін елемеу көп жағдайда қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Осы мәселені Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті мен «ОӨАЖҚЖ» ММ-сі қызметкерлері қаладағы №8 мектеп оқушыларымен кездесуде талқылады.
Оқушыларға бас құтқарушы Жасұлан Жексенбиев судағы қауіпсіздік ережелері туралы айтты. Суға шомылатын орынды таңдауға ерекше мән беру керектігін жеткізді.
Құтқарушылар балаларға суға батып бара жатқан жағдайдағы іс әрекет ретін көрсетті. Оқушыларға апатты жағдайда көмек көрсетудің маңыздылығы мен санаулы минут ішінде жылдам көмек көрсету барысы түсіндірілді.
Одан әрі балалар террористік шабуыл кезіңдегі ережелермен таныс болды. Осы бағытта департамент қызметкері Бақтияр Тұрмановтың хабарламасы сұрақ-жауап ойынына ұласты.