СЕЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ҚАР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді, республиканың солтүстігінде бұрқасындатып, оңтүстігінде тұман түседі және көктайғақ болады, батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының кей жерлерінде боран соғады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз оның екпіні 25 м/с дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде боран соғып, жел күші 15-20 м/с дейін жетеді. Қарағанды облысының кей аумақтарында күндіз жел күші 15-20 м/с құрайды. Алматы облысының кейбір аумақтарында тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.