ҚЫЗЫЛОРДА МЕН АСТАНАДА ГЛОНАСС СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Жыл аяғына дейін Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы 2008 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес Астана мен Қызылордада ГЛОНАСС станцияларын орнатады.
Бұл туралы Ялтадағы халықаралық экономикалық форумда корпорация өкілі Михаил Кириллов мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Кириллов Қазақстан Ресей үшін ғарыш саласындағы стратегиялық әріптес екендігін атап өтті. Бұл саладағы байланыстың басым бағыты «Байқоңыр» кешенінің жұмысы болып қала бермек.
Ялта халықаралық экономикалық форумы осы жылдың 20-22 сәуірі аралығында өтті. Елу мемлекет өкілі қатысқан шара осымен үшінші мәрте өткізіліп отыр.