ЖЕР ҮЛЕСКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Осыған байланысты жүргізілген талдау барысында, қадағалау аумағында ауылшаруашылығы дақылдары егілетін 21 мың гектар жер учаскелерін бірнеше жылдардан бері пайдаланып келген 13 шаруашылық субектілерімен 6015 жер үлескерлеріне үлес ақылары төленбей келгендігі анықталды.
Осы мәселені шешу мақсатында жергілікті атқарушы органмен бірлесіп Жоба әзірленді.
Жобаны іске асыру бағытында, аудан әкімі жанында аудандық прокуратура, жергілікті атқарушы органның және ауылшаруашылық субъектілері мен инвесторлардың қатысуымен жалпы жиналыс өткізді. Жобамен таныстырылып кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, барлық шаруашылық субъектілерімен ауылшаруашылығы мақсатындағы жер үлескерлеріне үлес ақы, үлес пайда (дивиденд) төлеуге шешім қабылданып, нақты мөлшері белгіленіп, 6015 жер үлескерлерінің құқықтары қорғалды.