ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ
ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Н.Жоламанов қызметтік бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды BNews.kz.
«27 қазанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жеке қауіпсіздік жасағы ҚР ҰҚК шекара қызметіндегі лауазымды тұлғалардың қызметтік бабын асыра пайдалану фактілерін тексеру барысында қылмыстық іс қозғады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Шекара қызметінің директоры Н.А.Жоламанов қолға түсті», - деп көрсетілген хабарламада.
Аталған іс бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іс ҚР Бас әскери прокуратурасының қадағалауында.