ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында Қызылорда облысындағы жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі С. Шотаевтың 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Е.Бейсенбаевтың тәртіптік ісін қарады. Нәтижесімен Е.Бейсенбаевқа Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін «атқаратын қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан бөлек, отырыста Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мен сектор меңгерушісінің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу мәселесі қаралды.