ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ҚАЗАЛЫДА ӨТТІ
Әйтеке би кентіндегі №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында «Нәтижеге бағытталған білім беру моделі және педагог шығармашылығы» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.
Қатысушылар балабақша ауласындағы көгалдандыру-көркейту жұмыстарын және балабақша қызметкерлерінің өз ойларынан туындаған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне сәйкестендіре орналастырылған безендіру жұмыстарын тамашалады.
Облыстық семинар бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім берудің 5 саласы бойынша, заманауи технологияларды пайдалана отырып, тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетті.
Қорытынды бойынша семинар жұмыстары жоғары дәрежеде өткізілді деп бағаланды.