СЫР ЖАСТАРЫ ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ЖЫЛУ ЖИНАУДА
Қызылордалық жастар Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға қолдау көрсетуге кірісті.
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелер басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмыс жасауда.
Сыр жастарының осыдан бірнеше күн бұрын жариялаған үндеуіне сәйкес аймақтағы кәсіпкерлер мен жомарт жандар белсенділік танытты.
Олар азық-түлік, жылы киім жəне басқа тұрмыстық қажеттіліктерді тапсырды. Көмек қабылдау сəуірдің жиырма төртіне дейін жалғасады. Сонан соң Ақтөбе облысына жөнелтіледі.
Барлық аудандарда гуманитарлық пункттер Жастар ресурстық орталықтарының ғимараты болып белгіленген.