ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМ ИЕЛЕРІ – СЫР ӨҢІРІНДЕ

Болашақ журналистер алдымен оқу ғимаратында орналасқан «Археология және этнография», «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залдарымен танысты. Сыр өңірінідегі тарихи мекендер туралы мол мағлұмат алып, тұңғыш президенттің Қызылордаға келген сапарынан фотогалерия арқылы хабардар болды. Сондай-ақ, студенттеролимпиада шеңберінде білім ұясындағы «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік зертханасында болды.
Түстен кейін поэзияға құмар жастар оқу орнындағы журналистика мамандығының 20 жылдық мерейтойы аясында жас ақындар– 4 курс студенті Мақсат Дауылбай мен 2 курс студенті Бақытбек Сұлтанбейбарыстың шығармашылық кешіне қатысты.
Айта кетейік, Сыр бойындағы Қорқыт баба атын иемденген 80 жылдық тарихы бар осынау айтулы университет былтыр ғана әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен VІІІ пәндік олимпиадада 1-ші орынға ие болып, дәстүрлі бәсекені Қызылордада өткізу құқын жеңіп алған болатын.
Комментарии 1