БАЙҚОҢЫРДАН "СОЮЗ МС-04" КӨЛІК КЕМЕСІ СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
Кеше Астана уақытымен 13 сағат 13 минутта Байқоңыр айлағының №1 бастапқы алаңынан («Гагаринский старт») "Союз МС-04" ұшқыш басқаратын көлік кемесі халықаралық экипаж құрамында экипаж командирі Федор Юрчихинмен (Роскосмос, Ресей) және бортинженер Джек Фишермен (НАСА, АҚШ) ұшырылды. "Союз-ФГ" зымыран-тасығыштың ұшырылуы штатты түрде өтті, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметінен.
Осы экспедицияның жоспарланған ұзақтығы 136 тәулікті құрайды
Союз «МС-04» ұшқыш басқаратын көлік кемесінің түйісуі Халықаралық ғарыш станциясынан 2017 жылдың 20 сәуірінде Астана уақытымен 19 сағат 22 минутқа жоспарланған.