ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атомосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек республиканың батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей аумақтарында аптап ыстық болады.
Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, батысы, солтүстік батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.