«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ «АДАЛ БОЛ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгінде еліміздің барлық жоғары оқу орындары жастары арасында «Адал бол» акциясы өтіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараны ел аумағындағы ЖОО-лар кезектесе ұйымдастырады.
Бүгін «Болашақ» университеті акция эстафетасын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университінен қабылдады. Флеш-моб және хардпринт форматында өткен акция аясында оқу орны жастары академиялық адалдық тақырыбында мемлекеттік және орыс тілінде бейне ролик әзірледі. Аталмыш роликтер хардпринт акциясы барысында университеттің ақпараттық стендісінде көрсетілді.
Акция шеңберінде университет колледжінің «Фемида» заң клубы «Құқықтық сауаттылық – қазіргі заман қажеттілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға құқық қорғау, жастар саясаты саласы бойынша мамандар қатысты.
Шарада университет жастары сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлы қарамайтындығын танытып, эстафетаны «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтына тапсырды.