ЖАЛАҒАШТА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ӨТТІ
Жалағаш ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылап, түсіндіруге байланысты актив отырысы өтті.
Аудан әкімі Т.Дүйсебаев төрағалық еткен активке барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Актив отырысында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Х.Қаметов «Рухани жаңғырудың бастауы – Ұлттық сана», аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті бас редактордың міндетін атқарушы С.Бертаев «Прагматизм – таяу онжылдықтың ұраны» тақырыптарында хабарлама жасады. Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей директоры Л.Шөменова жаңартылған білім берудің маңызы жайлы ойын білдірді. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Е.Бақбергенұлы Елбасы мақаласы жастарды шынайы патриотизмге баулуда бағдар болатындығын айтты.