ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕЛБАСЫНЫҢ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай бүгін Қазалы ауданында актив жиыны өтті.
Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев Елбасының бағдарламалық мақаласы соңғы күндерде ел өміріндегі қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғаның бірі болғанын атап өтті. Онда Елбасы экономикалық және саяси жетістіктерімізді дамытудың рухани бағдарламасын ұсынып отырғанына тоқталды.
Жиында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Жүсіпов, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Әліш, №266 мектеп-лицей директоры Б.Жолтаев баяндама жасап, өз ой-пікірлерін білдірді. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшыларына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру және ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.