БҮГІН ЕЛДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ БОЛАДЫ
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 20 сәуір күні елдің батыс және оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауады, жауын-шашынсыз күн райы батыс, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда күтіледі.
Кей жерлерде тұман түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа артады.
Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз сондай-ақ, жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.