ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ЕЛ САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРІЛДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы–«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде Сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтар мен алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында жұмыстар жүйелі ұйымдастырылып отырады.
Осы бағытта жуырда қоғамдық қабылдау өткізілді. Онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызметі істері департаменті және «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы өкілдерімен халықпен кездесіп, азаматтардың сауалдарына жауап берді.