БАЛАЛАРДЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ
Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында «Апат қаупін талдау тұжырымдары мен ұсынымдар нәтижелері» тақырыбында семинар - кеңес өтті. «ЗУБР» консталтинг орталығының сарапшысы В. Кулик ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мен ЮНИСЕФ бағдарламасының аясында жергілікті деңгейдегі апаттар салдарының балаларға әсеріне жүргізілген талдау нәтижелері жайлы айтты.
«ЗУБР» әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі консультант-талдаушы Ю. Натарова талдауды ұсыну барысында дауылды жел, қатты ыстық, экологиялық зілзалалар және басқа да төтенше жағайлар зардаптарын төмендету бойынша дайындалған ұсынымдарын баяндады. Ұсынымда апатты жоюда түрлі ведомостволардың мен өзара тиімді әрекеті мен тұрғындарды төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу мен жоюға тартуға баса назар аударылды.
Семинар соңында азаматтық қорғау қызметкерлері мен сарапшылар балалармен жұмыс істеуді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.