ҚАЗАЛЫДА ҚОС БІРДЕЙ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Қазалы ауданында «Қазалы ауданы энциклопедиясы» мен «Тәуелсіздік түлеткен – қасиетті Қазалы» кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев қатысты.
Аудан әкімі Н.Шамұратовтың бастамасымен жарық көрген «Қазалы ауданы энциклопедиясы» кітабында киелі Сыр өңірінің жағалауын мекен етіп отырған өңір халқының өткені мен бүгіні, болыс-бітімі бейнеленген.
Ал «Тәуелсіздік түлеткен – қасиетті Қазалы» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған екінші кітапта ел еркіндігінің ширек ғасырлық мерейтойындағы атқарылған ауқымды істер мен ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеуіне үлесін қосқан азаматтардың толғамды ойлары, Қазалы ауданының құрметті азаматтары туралы деректер, сондай-ақ, Тәуелсіздікті өз жырына арқау еткен жас ақындардың өлеңдері берілген. Кешегі мен бүгінгі күннің айғағындай болған фотобаяндар енгізілген.