ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АСТЫҚТЫ ШЕГІРТКЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

Мониторинг шегірткелер санының көбеюі және астықтық дақылдарда қауіпті зең ауруларының пайда болуына қолайлы аумақтарды дер кезінде анықтауды көздейді.
Осы жоба арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен аурулары туындауы мүмкін аумақтар туралы фитосанитарлық бақылау қызметтерін алдын ала ескертуге мүмкіндік туады.
Қазіргі уақытта Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығы ғарыштық мониторингілеу нәтижелерін енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Шегірткелердің жаппай көбеюі кезеңінде (2017 жылдың сәуір-маусым айлары) жерүсті фитосанитарлық бақылау қызметі олардың дамуына арналған қолайлы жағдайлары бар ауыл шаруашылығы аймақтарын көрсете отырып, картографиялық материалдармен қамтамасыз ететін болады.