АУДАН ƏКІМІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ
Арал ауданының əкімі М.Оразбаев аудандық білім бөліміне қарасты психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде болып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіліп жатқан қызмет түрлерімен танысты.
Аудан басшысы балалардың сабақ өтуге жəне түрлі сергіту ойындары мен жаттығулар жасауға арналған кабинеттерді аралады. Мекеме меңгерушісі Ж.Ибраимова балалардың қазіргі кездегі хал-жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстар жайында мəлімдеді.
2005 жылы ашылған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде қазіргі таңда 98 бала тəрбиеленуде.