СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

Олар сот жүйесіндегі өзгерістер туралы, соттың қарауына жататын істер санаты туралы, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы, жалпы сот саласына қатысты сұрақтар қойды.
Сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.А.Сабыров қойылған сұрақтарға жауап беріп, салаға енгізіліп жатқан жаңа инновациялық технологиялар, «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер туралы, сот процестерінің аудио-бейне жазбалары туралы айтып өтті.
«Ашық есік күні» - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының бірден-бір дәлелі болғандықтан, облыстық сот бекіткен кестеге сәйкес іс шара айына бір рет өткізіліп отырады.