БҮГІН ЕЛДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ТҰМАН МЕН ЖЕЛДІҢ КҮШЕЮІ КҮТІЛЕДІ

Республиканың кей жерлерінде тұман болып, екпінді жел соғады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.
Атап айтқанда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Түнде Алматы, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.