ҚЫЗЫЛОРДАДА «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Шара қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғасы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналып отыр.
Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды көздеген ақын ұлтттың қамын шығармашылығына өзек етті. Шарада жастар ақынның «Адасқан өмір» поэмасынан үзінді оқып, әдеби кеш қонақтарын Сұлтанмахмұттың бұралаң жолдары көп қилы тағдырына бойлатты.
Акцияның басты ерекшелігі – республика бойынша оқырмандар қауымы Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын бір мезгілде оқып-талқылауы болды.
- «Бір ел - бір кітап» жұртты кітап оқуға шақырады. Кітапты насихаттап, жастарды елжандылыққа баулиды. Акция жыл бойына кітапты насихаттаудың инновациялық түрлерімен жалғасын табатын болады,-дейді облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Бақытнұр Мырзахметова.